Басқарма

Компания жарғысына сәйкес, келесілер Компанияның басқарушы органдары болып табылады:

Жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы

Басқарушы орган – Директорлар кеңесі

Орал Бағдат Еркебұланұлы

Басқарма Төрағасы

2008 жылы Алматы Энергетика және Байланыс Университетін «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2009–2011 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Фрайбург университетінде (Германия) оқыды, «Жаңғырамалы энергия көздерін басқару» мамандығы бойынша M.Sc. дәрежесін алды.

2010 жылы Фраунгофер күн сәулесінің энергия жүйесі ғылыми-зерттеу институтында тәжірибе жинақтады, энергетикалық қондырғыларды сертификациялаумен айналысты. 2001 жылдың наурызынан 2012 жылдың наурызына дейін — Фраунгофер күн сәулесінің энергия жүйесі ғылыми-зерттеу институтында ассистент, өзгермелі фаза материалдарын зерттеу департаментінде жобалар басшысы болды.

2012 жылдан 2014 жылға дейін — «Samruk-Green Energy» ЖШС-да жоба менеджері, ал кейін бас жоба менеджері қызметтерін атқарды. 2014 жылдың наурызынан маусымына дейін «Samruk-Green Energy» ЖШС-да перспективалық даму басқармасының басшысы болды.

2014 жылдың маусымынан 2018 жылдың маусымына дейін — «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС басшысы.

2018 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы наурызға дейін «ОАЭК» АҚ Вице-президенті, содан кейін «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасының Энергия өткізу жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

2021 жылғы наурызда «ОАЭК»АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Бағдат Еркебұланұлы «ҚЭҚ құрметті энергетигі» атағымен марапатталған.

 

 

Ли Сергей Валерьевич

Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

2011 жылы Дарэм университетін (Ұлыбритания) «Бизнес Экономика» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2018 жылы Швейцарияның SBS бизнес-мектебінде (Swiss Business School) MBA дәрежесін алды.

Еңбек жолын «Deloitte» ЖШС аудитор болып бастаған.

2013 жылғы қарашадан бастап 2015 жылғы наурызға дейін өзінің еңбек қызметін «Сбербанк» АҚ ЕБ-де жалғастырды.

2015 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазынашылық және Корпоративтік қаржы» департаментінің директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың қаңтар айынан 2021 жылдың наурыз айына дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылғы наурызда «ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

ҚР Энергетика министрлігінің және KAZENERGY қауымдастығының Алғыс хаттармен, ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

 

Перфилов Олег Владимирович

Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары