«Астанаэнергосбыт» ЖШС

«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2004 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелді (http://www.astanaenergosbyt.kz). 

Компания қызметінің негізгі түрі – Астана қаласының тұтынушыларын жылу және электр қуатымен қамсыздандыру қызметін көрсету. 

Серіктестіктің қуат ресурстарының негізгі жеткізушісі - «Астана-Қуат» АҚ (Астана қаласындағы ЖЭО-1, ЖЭО-2). 

Астана мемлекеттің ең жылдам өсіп келе жатқан қаласы болып табылады. Қалада электр қуатын тұтыну екі станцияда өндірілетін электр қуатының көлемінен асады. Қуат ресурстарының тапшылығы оларды сыртқы жеткізушілерден сатып алу арқылы толтырылады. «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС сатып алатын электр қуаты «Астана-Жылутранзит» АҚ, «ҚЭС» АҚ, «АЭТК» АҚ, «КЕГОК» АҚ сияқты тасымалдаушы компаниялардың желілері арқылы тұтынушыларға жеткізіледі. 

Компанияның негізгі стратегиялық міндеттері: 

  • жылу және электр қуатын өткізу нарығын ұлғайту;
  • көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; 
  • дебиторлық берешекті азайту; 
  • тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық бағдарламаларды зерттеу және ендіру. 

Компания өз клиенттеріне сервистік қызмет көрсету деңгейін үнемі арттыру саясатын жүргізуде, бұл тұрғыдан ол әлемдік стандарттарға жақындап келеді.

«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС абоненттік учаскелердің желісін кеңейтуде. Кез келген қала тұрғыны абоненттік учаскеге келіп, жеке шарттарды жасасуға, техникалық сипаттағы мәселелерін шешуге, тұтынған қуат ресурстарының ақысын төлеуге берілетін шоттарды салыстырып тексеруге, пәтерлерде орнатылған суды есепке алуға арналған аспаптарды тіркеуге өтініш білдіруіне болады.