Инвесторларға

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ — бұдан әрі Компания) Қазақстандағы ең ірі жеке электр-энергетикалық компания болып табылады.

Компания активтері Қазақстанның солтүстік аймақтарында — Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында орналасқан. «ОАЭК» АҚ-ның құрамына «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сияқты вертикалды түрде біріктірілген, қуатты шығару, тасымалдау және өткізу сияқты қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын қамтитын екі энергетикалық кәсіпорын, сондай-ақ қуатпен қамсыздандырушы компания «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС және Ақмола облысында «АЭҮК» АҚ кіреді.

«ОАЭК» АҚ-ның еншілес қоғамдары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның облигациялары Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) сауда-саттыққа қатысады.

«ОАЭК» АҚ жоғары әлеуметтік жауапкершілікке ие, Компания еншілес ұйымдары қызметінің экология, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздік техникасы салаларында сапаның халықаралық стандарттарын белсенді түрде ендіреді.

Компанияда 2009 жылдан бастап инвестициялық бағдарламаның аясында жүргізілетін Экологиялық және әлеуметтік іс-әрекеттер жоспары (ESAP) жыл сайын іске асырылады.

Экологиялық және әлеуметтік іс-әрекеттер жоспары — Компанияның экологиялық параметрлерін жетілдіруге және «ОАЭК» АҚ кәсіпорындарында еңбекті қорғауға бағытталған жобаларды сипаттайтын көпшілік құжат. Компания жыл сайын көпшілік алдында ESAP аясында жасалған жұмыс туралы есеп береді.

«ОАЭК» АҚ қызметінің ақпараттық ашықтығы және айқындығы саясатын ұстанады. Компанияда ашық ақпарат көздерінде Компанияның қызметі туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары көзделген. Сөйтіп акционерлер Компанияда болып жатқан оқиғаларды үнемі бақылай алады.