Экологиялық саясат

Экологиялық саясат

Қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорғау қызметі мен тиімділігі көрсеткіштерін жүйелі жақсарту «ОАЭК» АҚ-ның негізгі стратегиялық бағыты және қызмет тұрақтылығын қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі. Экологиялық саясат — Компанияның табиғат қорғау қызмет жүйесінің негізгі құжаты және қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы принциптер, мақсаттар, міндеттер мен қызметтің негізгі бағыттарын анықтайды.

Компаниялар Тобы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін табиғатты қорғау заңнамасындағы Экологиялық саясаттың қатаң талаптарына және экологиялық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер деңгейіне сәйкес іске асырады.

Экологиялық саясаттың басты мақсаттары — қоршаған ортаға негативті әсер етуді азайтудың арқасында экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеру, сенімді және экологиялық қауіпсіз өндірісті, энергияны тасымалдау мен үлестіруді қамтамасыз ету, табиғатты қорғау заңнамасының аясында Компаниялар Тобы кәсіпорындарының өндірістік қызметін іске асыру, Компаниялар Тобының болашақтағы экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат

Қоршаған ортаны қорғау саясаты
«Ақмола ЭҮК» АҚ-на арналған 110/10 кВ «Астана» шағын станциясын қайта құру.