Кадрлық саясат және әлеуметтік бағдарламалар

«ОАЭК» АҚ-ның Қызметкерлерді басқару саясаты Корпорацияның стратегиялық мақсаттарын іске асырып, қамтамасыз ету үшін қызметкерлермен өзара әрекеттестіктің толыққанды жүйесінен тұрады. Корпорация әртүрлі деңгейдегі кәсіби қызметкерлерді тарту, жоғары кәсіби мамандарды ұстап қалу, қызметкерлерді дамыту және үздіксіз кәсіби білім беру, алғыр жас қызметкерлерге кәсіби өсуге мүмкіндік беру, кадрлық қор құру және дарындарды басқару жолымен қызметкерлерді басқару саласындағы саясатты бекітеді.

Кадрлық саясат

Компания кадрларды іріктеуді жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, бастама көтеруге дайын қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан өсуіне мүмкіндіктер жасауға бағытталған кадрлық саясатты нығайту жөніндегі ауқымды жұмыстарды жүргізуде. 

Компанияның кадрлық саясаты төмендегідей принциптерге негізделеді:

  1. Бос лауазымдардың орнына конкурстық негізбен қызметкерлерді іріктеу үрдісінің ашықтығы; 
  2. Кәсіби міндеттердің құндылығы, маманды кәсіби тұрғыдан даярлауға көп көңіл бөлінеді; 
  3. Қызметкерді дамытуға, соның ішінде білімін дамытуға, жеке тұлға ретінде, кәсіби тұрғыдан дамытуға бағдарлану. 
  4. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. 

Қызметкерлерді оқыту және дамыту 

Компанияда басшылардың, мамандардың және жұмысшылардың біліктілігін арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. «ОАЭК» АҚ-ның корпоративтік оқыту жүйесінің негізгі міндеттері мыналар: 

  • Компанияның қызметкерлерін профильдік даярлықтан, қайта даярлаудан өткізу және біліктілігін арттыру;  
  • Компания қызметкерлерінің маңызды кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту; 
  • Компанияның қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында оқу орындарымен өзара әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыру; 
  • Компания қызметкерлерінің машықтануын ұйымдастыру және жоспарлау. 

Компания қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру үшін олардың орташа айлығының 100%-ы мөлшерінде оқу демалыстарының ақысын төлеу, оқу орны облыс орталықтарынан тыс жерлерде орналасқан болса, екі бағыттағы жол ақысын өтеу тәжірибесі қолданылады. Сондай-ақ Компанияның қызметкерлері оқудың ақысын төлеуге пайызсыз ссуда алу мүмкіндігіне ие. 

Мансап 

Компанияның кәсіпорындарында кадрлық резервті қалыптастыру жүргізіледі. Үміткерлерді іріктеген кезде ықтимал қызметкерлердің келесі қасиеттері ескеріледі: үміткерлердің кәсіби және жалпы білім даярлығының деңгейі, олардың ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері, жұмыстың нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімі, мақсатқа ұмтылу қабілеті.  

Күрделі өндірістік міндеттерді және басқару жөніндегі міндеттерді шешуге қабілетті кадрлар резервін қалыптастыру мақсатында Команияда кәсіпорындардың еңбек ұжымымен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады. 

Әлеуметтік саясат

«ОАЭК» АҚ-ның әлеуметтік саясатында қызметкерлердің денсаулығын қорғауды, кәсіпорындардағы еңбек пен қауіпсіздікті қорғауды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және корпоративтік мәдениетті тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы көзделген.

Денсаулықты қорғау

Жыл сайын жұмыс берушілер қаражатының есебінен қызметкерлерді медициналық тексеру жүргізіледі. Оперативтік қызметкерлер күнде ауысымның алдында және ауысымнан кейін міндетті медициналық тексеруден өтеді. Компанияның әр кәсіпорнында жабдықталған медициналық кабинеттер бар, онда кәсіби медициналық қызметкерлер физио-, электр- және жарықпен емдеу, лазерлік терапия, массаж қызметтерін көрсетеді. Қажет болған жағдайда белгілі бір денсаулық сақтау саласының арнайы мамандарының қабылдауы ұйымдастырылады.

Қауіпсіздік техникасы

Қызметкердің денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтау мақсатында Компанияның кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспектор және пайдалану жөніндегі инспектор жұмыс орындарын күнделікті тексереді. Ай сайын Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі. Компанияның қызметкерлері арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, сүтпен немесе сүтті алмастыратын өзге тамақпен қамсыздандырылады. 

Балалар демалысын ұйымдастыру

Қызметкерлердің балаларына жазда демалыс ұйымдастырылады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлеріне балаларға арналған лагерьлерге берілетін жолдамалар құнының 20%-ы төленеді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да «Энергетик» демалыс үйінде балаларға арналған «Электроник» сауықтыру лагері жұмыс істейді.

Материалдық қолдау

Кәсіпорындардың көп балалы отбасы мәртебесіне ие қызметкерлерін немесе мүгедек балалары бар қызметкерлердің отбасыларын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында материалдық көмек бөлінеді. Бала туғанда және жақын туыстарын жерлеуге бір рет төленетін төлемдер жасалады.

Біліктілікті арттыру

Кәсіпорындардың басшылығы басшылардың, мамандардың және жұмысшылардың біліктілігін арттыру мәселесіне көп көңіл бөледі. Компания қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру үшін ынталандыру жүйесі қолданылады, бұл жүйе орташа жалақының 100% мөлшерінде оқу демалыстарының төленуін және оқу орны облыс орталықтарынан тыс жерлерде болған жағдайда, екі бағыттағы жол ақысының өтелуін қамтамасыз етеді. Компанияның қызметкерлері оқудың ақысын төлеуге пайызсыз ссуда алу мүмкіндігін пайдалана алады. 

Корпоративтік басылымдар

Корпоративтік мәдениетті тәрбиелеу, мамандықтың имиджін қолдау, кәсіпорындардың және жалпы саланың жаңалықтарын хабарлау мақсатында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «Солтүстік Қазақстан энергетигі» газетін, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Энергетик» газетін шығарады. 

 

Вакансиялар

Бұл бетте «ОАЭК» АҚ-ның ашық вакансиялары жарияланады. Егер қазіргі уақытта бос вакансиялар жоқ болса, кандидатураңызды Компанияның вакансиялар банкіне қосу үшін түйіндемеңізді жібере аласыз. Хатта ағымдағы немесе ықтимал вакансияның атын көрсетуіңізді сұраймыз.

«ОАЭК» АҚ-ның қызметкерлерді басқару жөніндегі департаменті:

Телефон: +7  (727) 259 66 40
Факс: +7  (727) 259 66 43
Resume@energy.kz

Бос жұмыс орындары: