Директорлар кеңесінің жанындағы Комитеттер

2019 жылдың 1 қантардағы мәлімет бойынша, «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесі жанында төрт комитет жұмыс істеді:

  • Аудит жөніндегі комитет (2010 жылы 25 ақпанда құрылды);
  • Техникалық комитет (2012 жылы 6 наурызда құрылды);
  • Стратегиялық комитет (2012 жылы 28 қарашада құрылды);
  • Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті (2013 жылы 13 наурызда құрылды).

Аудит жөніндегі комитет Директорлар кеңесі жанындағы тұрақты жұмыс органы болып табылады. Директорлар кеңесінің реттеу және қадағалау қызметтерін тиімді жүзеге асыруда, ішкі аудитті, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және нығайтуда Директорлар кеңесіне көмектеседі. Комитет Директорлар кеңесіне өз тарапынан әрекет етуді талап ететін кез келген мәселелер бойынша ұсыныстарды жеткізеді.

Техникалық комитет Директорлар кеңесі жанындағы тұрақты жұмыс органы болып табылады. Ол Компаниядағы инвестициялық жобаларды уақытында және тиімді орындауды жүзеге асыруға оның мүшелерінің іс жүзінде қатысуын қамтамасыз етеді.

Стратегиялық комитет Директорлар кеңесі жанындағы тұрақты жұмыс органы болып табылады. Корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру, жобаларды іске асыру және Компанияны дамыту стратегиясын орындауды бақылау үшін құрылған. Сондай-ақ, аталмыш Комитет Компанияның қыз метін жоспарлау және дамыту тетіктерін жетілдіру жағынан Директорлар кеңесіне көмек көрсетеді.

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті Директорлар кеңесі жанындағы тұрақты жұмыс органы болып табылады. Қоғамға және оның еншілес ұйымдарына бірыңғай кадрлық саясат дайындау және енгізу, бастық қызметіне үміткерлерді және Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының атқарушы органы мүшелерін, Ішкі аудит департаменті мен Тәуекелдерді басқару департаментінің директорларын, Корпоративтік хатшыны, басқа да органдар мен қосалқы бөлімшелерді сайлау немесе тағайындау үшін, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және оның қағидаттарын жүзеге асыру үшін құрылған.