Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ («ОАОЭК») акционерлері Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Ислам инфрақұрылым қорымен (ИИҚ) жасалған бірнеше келісім нәтижесінде өзінің еншілес компаниясы ­– «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ндағы үлесінің 59,65%-дан 92,75%-ға дейін артқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, баспасөз мәжілісінде «ОАОЭК» АҚ-ның 2018 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және қаржылық міндеттемелерді орындау бойынша атқарған жұмыстары қорытындыланды.

«ОАОЭК» АҚ келісімдер шарттарын құрылымдау және мақұлдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде компания ЕҚДБ және ИИҚ-нан «ОАЭК» АҚ-ның сәйкесінше 22,60% және 10,49% жай дауыс беруші акциясын сатып алды. Компаниядан акционерлердің шығуы бойынша келісім «ОАЭК» АҚ ұзақмерзімді даму стратегиясына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асты.

ИИҚ 2011 жылдан бері «ОАЭК» АҚ акционері болып келді. Оның қатысуымен активтерді жаңғырту және компаниядағы корпоративтік басқару деңгейін көтеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. ЕҚДБ 2009 жылдан бері «ОАЭК» АҚ акцияларына иелік етіп, компанияның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Банктен тартылған қаражат энергетикалық компанияның өндіруші және беруші активтерді жаңғырту жұмыстарына жұмсалып, бұл олардың тиімділігі, сенімділігі және өнімділігінің артуына әкелді.

«Мемлекет басшысы ел дамуының басым міндеттерінің бірі ретінде республикада энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды белгіледі. Бұл ретте ол ТКШ-н жаңғырту саласына инвесторлар тарту қажеттігіне жиі тоқталады. Президент тапсырмасы аясында 2009 жылы үкімет «тарифті инвестицияға айырбастау» шекті тарифтер бағдарламасын қабылдап, бұл Қазақстанның электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын көтерді. Дәл осы кезеңде ЕҚДБ энергия өндіретін активтерді жаңғырту үшін «ОАЭК» капиталына кіру туралы шешім қабылдады. Банктің жоғары стандарттары қызметке оң ықпал етті, енді біз бұл тәжірибені алдағы жұмысымызда да қолдануға ниеттіміз», деп атап өтті Александр Клебанов, «ОАОЭК» АҚ акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы.

Өз кезегінде ЕҚДБ Тұрақты Инфрақұрылым Тобы, Еуразия, Энергоресурстар департаментінің директоры Аида Ситдикова: «ЕҚДБ 2009 жылы «ОАЭК» АҚ-ның капиталына кірген уақытта алға қойған міндеттерінің бірі – жаңа құрылған жеке компанияның қалыптасуына қолдау көрсету болатын. Ол кезде компанияда өндіріс қуаттылықтары мен желілік шаруашылықты жаңғырту және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту қажеттілігі бар болатын. Мен компанияның алдына қойған міндеттерінің үдесінен шығып, инвестициялық бағдарламаны сәтті жүзеге асырғанын қуана айтқым келеді. Сонымен қатар, ЕҚДБ-нің компаниялардың акционерлік капиталына кіру бойынша кез-келген жобасы  өзіндік өмірлік цикліне ие. Акционерлер құрамынан шығу арқылы біз бұл капиталды жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қолдануға мүмкіндік аламыз. Соған орай біздің «ОАЭК» АҚ-ндағы миссиямыз аяқталды деуге болады. Ұзақ жылға созылған бұл әріптестік біз үшін үлкен мақтаныш, компанияның дамуына қосқан үлесімізге көңіліміз толады. Алдағы уақытта «ОАЭК» АҚ-на кредиторлардың бірі ретінде қолдау көрсетуді жалғастырамыз», деп атап өтті.

«Халықаралық институтпен серіктес болудың арқасында «ОАЭК» еншілес компаниялары Павлодар және Петропавл қалаларында электр және жылу энергиясы өндірісі бойынша жаңғыртылған активтер үлесін 64,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берген ауқымды инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырды. Бұл ретте өндірістің экологиялық параметрлеріне ерекше көңіл бөлініп, зиянды заттар шығарылымын айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді», – деді Сергей Кан, «ОАОЭК» АҚ акционері, «ОАЭК» АҚ Президенті. Ол, сондай-ақ, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Павлодар, Петропавл, Екібастұз қалаларында жылу желілерін жаңғыртуға ЕҚДБ-нен қарыз бөлінгеніне тоқталды.

Бүгінгі таңда «ОАОЭК» АҚ «ОАЭК» АҚ-ның 92,75% акцияларына иелік етеді. Сондай-ақ, энергетикалық компанияның акционерлері қатарына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысуымен құрылған қорлар кіреді, олардың үлесі 7,25% (KIF ENERGY S.a.r.l.  4,35%, Baiterek Venture Fund АҚ 1,45%; CKIF ENERGY S.a.r.l. 1,45%).

Баспасөз мәжілісіне қатысушылар «ОАОЭК» АҚ-ның 2018 жылғы қызметін қорытындылады. Компания өз мойнына алған қаржылық міндеттемелер мен келісімдерді уақытылы орындайтыны атап өтілді. 2018 жылғы желтоқсанда «ОАОЭК» АҚ 10 жылдық облигациялық қарызын (НИНKZ2C0Y10D307) толықтай өтеді. Купондық сыйақы төлемін қосқандағы қарызды өтеу көлемі 17 019 864 075 теңгені құрап, оның ішінде ірі облигация ұстаушы ретінде «БЖЗҚ» АҚ төлемдерінің сомасы 79% болды.

«ОАОЭК» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен жасалған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандум аясындағы міндеттемелерді де орындайды. 2018 жылғы желтоқсанда Павлодардың Усолка шағын ауданында жүзу бассейні ашылса, оның сыртқы инженерлік желілері – электрмен қамту, сумен қамту және су жүргізу, сондай-ақ, жылумен қамту желілерін «ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жүргізді. Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 814 млн 839 мың теңге. Меморандумды жүзеге асыру аясында «ОАОЭК» АҚ Павлодарда 2017 жылы Павлодар монтаждау колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхана салса, 2019 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының қызметкерлеріне арналған көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталмақ. Әлеуметтік жобалар, сондай-ақ, Петропавл қаласында да жүзеге асырылуда.

«ОАОЭК» АҚ акционерлері «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларының тұрығндарды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамту және Қазақстан өңірлерін дамыту міндетін орындауы үшін инвестициялық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғысындағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсетеді.