2018 жылғы 20 желтоқсанда Астанада «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік кешке холдингтің компаниялар тобы қызметкерлерімен қатар, өз серіктестерін атаулы күнмен құттықтауға келген қонақтар да жиналды.

Мерейтой үстінде құрметті қонақтар компания қызметкерлеріне арналған ақ тілектерін айтты. Шара аясында «ОАЭК» АҚ және оның еншілес кәсіпорындарының үздік қызметкерлері марапатталды.

«Еңбек ардагері» («Ветеран труда») медалімен «Ақмола электр желілік тарату компаниясы» Ақ техникалық кеңесшісі Владимир Баранов және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин марапатталды. Еңбек сіңірген энергетик» («Заслуженный энергетик») төсбелгісі «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО директоры Владимир Шевцовтың кеудесіне тағылды.

«ОАЭК» АҚ президенті Сергей Кан, «ОАЭК» АҚ бірінші вице-президенті Дүйсенбай Тұрғанов, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» («За вклад в сфере энергетики») медаліне лайық деп танылды.

«ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрмет атағы «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Виталий Феськоға берілді.

Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасы «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ бас бухгалтері Сұлушаш Қабдыкешеваға, «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ қала бойынша 10-0,4 кВ ӘЖ қызметінің аға шебері Әмір Кәкеновке табысталды.

«ҚЭҚ Құрметті энергетигі» атағына «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС директоры Светлана Федорова, «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ бас директоры Анатолий Казановский және «ОАЭК» АҚ энергия өткізу бойынша вице-президенті Бағдат Орал лайық деп танылды.

«ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі» атағы «ОАЭК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Алла Язовскаяға, «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ бас директоры Наиль Сайфуллинге, «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС бас директоры Александр Зинкевичке, «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС №4 қызмет көрсету орталығының басшысы Николай Объедковке берілді.

Компаниялар тобының 57 қызметкері «ОАЭК» АҚ құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара аясында «ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорындары қызметкерлері дайындаған Көңілді тапқырлар клубы өнер көрсетті. Оның қорытындысында жеңімпаздар төрт аталым бойынша анықталды:

  • «Үздік креативті команда» - «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ командасы;
  • «Үздік музыкалы команда» - «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС командасы;
  • «Үздік энергиялы команда» - «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы;
  • «Үздік әртістер командасы» - «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасы.