"ЦАТЭК" холдингінің "Каустик" зауытында шығарылатын 250 тонна өнім бүгін Павлодардан Алматы қаласына жіберілді. Бұлар Алматы қаласының көшелері мен үй-жайларын дезинфекциялауға арналған заттар. Осылайша, энергетикалық холдингі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19-ға қарсы күрес бойынша үндеуіне қолдау білдірді.