9 қыркүйек 2017 жылы Алматыда Arctic Green Energy (Исландия Республикасы) мен «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ, Қазақстан Республикасы) арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Тараптар геотермалды энергияға бағытталған жаңғырмалы энергия көздерін дамыту саласында серіктес болу жайлы келісімге келді. 

Меморандумда атап өтілгендей, компаниялар жаңғырмалы энергия көздерін дамытудың маңыздылығын түсінеді. Құжатта әр тараптың жылыжай газдарының шығарылымын төмендету және кесек отынның жалпы қолданысын азайтуда маңызды роль атқаратыны ескерілген. 

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстандық тараптан «ОАЭК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі Гүлнәр Артамбаева, «ОАЭК» АҚ вице-президенті Дмитрий Забережный, «ОАЭК» АҚ корпоративтік хатшысы Талғат Жұмаділов қатысты.

Сонымен қатар рәсімге Исландия Республикасының бұрынғы президенті, Arctic Circle Forum компаниясының төрағасы — Олафур Рэгнер Гримсон (Dr. Olafur Ragnar Grimsson), Arctic Green Energy компаниясының төрағасы әрі негізін қалаушы — Хаукур Хардарсон (Haukur Hardarson), сонымен қатар Arctic Green Energy басшысы және Invest in Iceland компаниясының төрағасы — Сигстейн Гретарсон (Sigsteinn Gretarsson) қатысты.

Arctic Green Energy Corporation жасыл энергетика жобаларының жетекші девелопері және операторы болып табылады. Arctic Green Energy корпорациясы геотермалдық және басқа да жаңғырмалы энергияны пайдалану саласында исландиялық сәтті тәжірибені басқа елдерде, оның ішінде Азияға ерекше мән бере отырып енгізу мақсатында құрылған.

2016 жылдың қараша айында «ОАЭК» АҚ және еншілес ұйымдардың басшылары орталықтандырылған жылумен қамту үшін геотермалдық энергия саласындағы технологиялар және тәжірибелермен танысу мақсатында Рейкьявик қаласындағы Arctic Green Energy компаниясына барып қайтты. Алматыда өзара түсіністік Меморандумына қол қою арқылы тараптар геотермалды энергияға бағытталған жаңғырмалы энергия көздерін дамыту саласында серіктес болуға ниеттерін растады.