Орталық-Азия электроэнергетикалық корпорациясы (ОАЭК) 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 8,835 млрд теңге (332,86/$1 бағаммен) мөлшерінде таза табыс тапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,4%-ға артық, делінген ҚЕХС бойынша шоғырландырылған қаржылық есеп-қисабында.

Салық салуға дейінгі есепті кезеңдегі табыс 2017 жылдың қаңтар-қыркүйекте 21,8%-ға —10,257 млрд теңгеге, жалпы пайда 13,9%-ға — 21,497 млрд теңгеге, кіріс 11,8%-ға — 92,175 млрд теңгеге артты.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында компания активтері 1,3%-ға — 290,911 млрд теңгеге артты, ұзақмерзімді міндеттемелер 7,6%-ға, 109,044 млрд теңгеге артты, ағымдағы міндеттемелер 24,8%-ға, 33,885 млрд теңгеге қысқарды, меншікті капитал 5%-ға, 147,98 млрд теңгеге өсті, жарғылық капитал өзгерген жоқ және 46,043 млрд теңгені құрады.

ОАЭК — біріктірілген энергетикалық холдинг, 2008 жылы тамызда құрылған. «ОАЭК» АҚ акционерлерінің құрамына «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ,Еуропалық қайта құру және даму банкі және Kaz Holding Cooperatief U.A. кіреді.