«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ндаБүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Шараға компанияның барлық бөлімшелерінде жұмыс жасайтын қызметкерлердің балалары мен немерелері қатысты. Балалар қағаз бетінде табиғатқа деген сезімдерін білдіріп қана қоймай, оған аялап қарау қажеттігін де жеткізе білген.

Бейнелеу сайысына 5-14 жас аралығында 45 ұл-қыз қатысып, олар әділ қазылардың сараптауына 60-тан астам жұмыс ұсынды.