«АЭҮК» АҚ 2017 жылы табысты іске асырылған инвестициялық жобалардың бірі Шортанды ауданының «Жолымбет» 220/110/35/6 кВ қосалқы станциясын (ҚС) қайта жаңғырту болып табылады. Қосалқы станция 1964 жылы тау-кен өнеркәсібі қажеттілігі үшін салынған болатын. Бүгінгі күні қосалқы станция электр энергиямен аттас кентті, екі шахтаны және «Қазақалтын» АҚ тау-кен фабрикасын, сондай-ақ, көрші Ерейментау ауданының үлкен бөлігін жабдықтайды. 

Қосалқы станцияда жыл сайын жабдықтарды ауыстырумен қайта жаңғырту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Былтыр мұнда МКП-110 кВ төрт май ажыратқышын ВБ-110 кВ элегазға ауыстыру жүргізілді және ARISS SCADA бағдарламалық кешені «Исеть» бақылау пункті (БП) телемеханикасының жаңа жабдығы орнатылды. Ол  «АЭҮК» АҚ Орталық диспечерлік қызметтің (ОДҚ) және Степногорск ААЭЖ Жедел-диспечерлік қызметтің (ЖДҚ) диспечерлік қалқанының телесигнализация мен  телеөлшеутерін жинау, өндеу және беруге арналған. Ауыстырғанға дейін пайдалану жылдары өз ресурстарын шығарған «Компас» БП қолданылды.

«Жолымбет»  қосалқы станциясында қазіргі заманғы жабдықты енгізу тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі