Ақмола облысында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның электр тарату желілерін пайдалану бойынша жедел жөндеу қызметкерлері арасында өткен кәсіби сайыстың жеңімпаздарын анықталды.

«Ақмола ЭҮК» АҚ-ның оқу-жаттығу полигонында сайыс қатысушылары үш күн бойы өз өнерлерін көрсетті. Теория және тәжірибе жүзінде тапсырмаларды орындап, шеберліктерін көрсеткен электромонтерлер қауіпсіздік талаптарын сақтауы да ұмытқан жоқ.

Сайы ұйымдастырушыларының айтуынша, шара жедел жөндеу қызметкерлерінің кәсіби шыңдалуына жол ашып, жарақтаттану көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал етеді.

Сайыс қорытындысында келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Мамлютка АЭЖ («Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ);

2 орын – Сандықтау АЭЖ («Ақмола ЭҮК» АҚ);

3 орын – Жақсы АЭЖ («Ақмола ЭҮК» АҚ);

«Үздік шебер» – «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ МЭЖ басқармасының шебері Әмір Кәкенов;

«Үздік судьялар бригадасы» – аға судья Гүлнәр Ахметова, судьялар Виктор Шатило мен Сергей Михаленко.

Сайыс қатысушылары грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен және демеушілер ұсынған сыйлықтармен марапатталды. Ал жеңімпаз командаға «УАЗ» маркалы автокөлігін алуға арнайы сертификат табысталды.