«ОАОЭК» АҚ 20 жылдық мерейтойының құрметіне холдинг қызметкерлері арасында EXPO-2017 көрмесіне сапар ұйымдастырды. 

EXPO-2017 бүткіл Қазақстан үшін ауқымды шара. Көрме баламалы энергетика саласының тарихымен, заманауи технологияларымен және болашақтағы жобаларымен таныстырады. Бұл тақырып «ОАОЭК» Компаниялар Тобына да өзекті, сол себепті мерейтойының құрметіне екі мыңға жуық қызметкерлер мен балаларына, кәсіпорын ардагерлеріне Астанаға EXPO-2017 көрмесіне жолдама сыйлады. Шілде мен қыркүйек аралығында Павлодар, Петропавл, Ақмола облыстарынан топтық сапарлар ұйымдастырылды. Сапар аясында Қазақстан астанасына бірінші рет келіп тұрған көптеген қызметкер Астананың көрнекі жерлерін де аралады.

Қызметкерлер EXPO-дан жағымды әсер алғандарын айтады. Әсіресе балаларға сапар жарқын әсер сыйлады. Бәлкім дәл осы балалар көрмеде көрсетілген жаңа технологияларды Қазақстанға әкелетін жаңа буынның энергетиктері атанар. Жаңа мағлұматтар мен ұмытылмас атмосфера сыйлаған EXPO-2017 мен «ОАОЭК»-ға көп рақмет!