«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері үшін тағы бір оқу жылы аяқталды. 2017 жылдан бері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша «Павлодар ЭТК» АҚ мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызметкерлері қосылғанын айта кету керек. Аяқталған оқу жылында мемлекеттік тілді 113 адам меңгерген. Олардың ішінде оқытудың элементар деңгей тобында – 107 адам, базалық деңгей тобында – алты. Курс аяқталғаннан кейін емтихандар мен зачеттар жүргізілді. Емтиханды сәтті тапсырғандарға курсты аяқтағаны жайлы сертификаттар табысталды, қалғаны биылғы оқу жылында оқуларын жалғастырады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ басшылығы қазақ тілі кабинеттерінің материалды-техникалық базасын берік етуге, қазақ тілі мұғалімдерінің практикалық семинарлар мен тренингтерде білімін арттыруға көп назар салады. 2018-2019 оқу жылдарында қазақ тілін меңгеру жалғасады.