«ОАЭК» АҚ еншілес ұйымы – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасы Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған әскери-спорттық эстафетада бірінші орынды иеленді.

Сайыс №30 орта мектеп базасында өткізіліп, Павлодар қаласы азаматтық қорғаныс құрылымдарының төтенше жағдай орын алған кезде әрекет ету дағдылары мен білім-біліктерін тексеру, шыңдауды мақсат етті.

Эстафетаға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-нан бөлек, «Каустик» АҚ, «Кастинг», «Казэнергокабель» зауыттарының командалары да қатысты.

Жеңімпаздар Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.