2017 жылдың тамыз және қыркүйек айларында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ еншілес компанияларының (ЕК) басшыларына, ЕК-дың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және ЕК қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларына қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша (IOSH — жұмыстарды ұйымдастырудағы қауіпсіздік бойынша Халықаралық Сертификат) корпоративтік тренинг болып өтті. Оқыту нәтижесі бойынша тренингтің барлық қатысушылары IOSH талаптары бойынша білімін тексеру мақсатында емтихан тапсырды. 

Тренинг «ОАЭК» АҚ акционері — Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің ықпалымен жүзеге асты. Шараны «ОАЭК» АҚ қауіпсіздік, еңбек пен экологияны қорғау Департаменті және «ОАЭК» АҚ қызметкерлерді басқару Департаменті ұйымдастырды. Оқыту провайдері ретінде Қазақстан нарығында тренингтік қызмет саласында 2007 жылдан бері көшбасшы болып саналатын — Байтау Партнерс компаниясы таңдалды.

Оқыту мақсаты «ОАЭК» АҚ ЕК және бөлімшелері басшыларының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы құзрет деңгейін көтеру мен бейілділігін арттыру, сонымен қатар Компаниялар Тобында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетін көтеру болып табылады.  

IOSH курсы тыңдаушыларға олардың құзырындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникаларына қатысты сұрақтарды шешуге қажетті білім мен дағдыларды ұсынды. Аяғында тренинг қатысушылары IOSH талаптары бойынша білімін тексеретін емтихан тапсырды. Оқу курсын сәтті өткен басшылар Еңбекті қорғау Британ институтының «IOSH Managing safely» халықаралық сертификатын алады. Басшыларды оқыту программасының келесі кезеңінде тренинг қатысушылары ҚжЕҚ бойынша халықаралық стандарттар енгізілген және жүзеге асып жатқан шетелдік өнеркәсіптерге барады.

Акционерлер мен Корпорация Басшылығы осы шаралардың нәтижесі ретінде Корпорациядағы қауіпсіздік техникасының жалпы мәдениеті көтерілетінін күтеді.