«АЭҮК» АҚ Ерейментау ЭТЖ «Ерейментау» 110/35/6 кВ шағын станциясында «ОАЭК» холдингі, «Ақмола ЭҮК», «Павлодар ЭТК» және «Солтүстік Қазақстан ЭТК» компанияларының техникалық қызмет өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Жиында 2018 жылы «Ерейментау» шағын станциясында ОРУ-35 кВ жаңғырту жобасы таныстырылды.

«Таврида Электрик Астана» ЖШС маркетинг жөніндегі директоры Александр Дарибаев 2018 жылғы жобаны жүзеге асыру барысы туралы әңгімеледі. Кәсіпорын мамандары «Ерейментау» шағын станциясында реклоузерлерді орнату бойынша іске қосу-реттеу жұмыстарына қатысқан. Жобаны жүзеге асыру барысында шағын станцияда жұмыс істейтін қызметкерлерге инструктаж ұйымдастырылып, орнатылған қондырғыны пайдалану бойынша оқыту жүргізілді.