«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері бұқаралық тыңдау барысында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында инвестициялық бағдарламаның орындалуы тіралы есеп берді. «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директоры Анатолий Казановский қатысушыларға кәсіпорында атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі.

Кәсіпорын 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 645,3 млн кВтс электр энергиясын тасымалдаса, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 1,6 %-ға артық.