«АЭҮК» АҚ компанияның 2017 жылға арналған жұмыс қорытындысын жасады. Іс-шараға қызметтер мен орталық аппарат бөлімдерінің топ-менеджерлері мен бастықтары, сонымен қатар құрылымдық кәсіпорындар мен аудандық бөлімшелердің басшылары қатысты.

2017 жылы «АЭҮК» АҚ негізгі қорларды жаңғырту, қайта жаңарту және күрделі жөндеу, ЭКЕАЖ есептегіш құралдарын, «Тезис» электрондық құжат айналымы жүйесін, «Mobility» мобилдік қосымшасын енгізу бойынша барлық қойылған жоспарлар орындалды. Жиналыста Степногорск ААЭЖ директоры А.А.Стригуннің, Есіл ААЭЖ директоры А.Л.Гириннің, Ақмола ААЭЖ директоры К.Т.Кулдугушевтің 2017 жылға арналған жөндеу мен инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептері және ағымдағы жылға жоспарлары тыңдалды. Жиналыс барысында спикерлерге аса өткір проблемалар: электр энергияны техникалық жоғалту, орындарында ТҚ, ТПЕ ережелерін сақтау, техникалық құжаттамаларды жүргізу жөнінде сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, жиналыста техника қауіпсіздігі ережесі және техниканы пайдалану, халықтың денсаулығын қорғау ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Бұл саладағы бұзушылықтар негізінен халықтың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп-қатер төндіретін кейбір энергия объектілерінде (ЖТҚС мен ҚС) құлыптар мен бекітетін құрылғылардың жоқтығы. Осы ретте, кәдімгі құлыптар жеңіл ашылады, сондықтан қолдан істелген бекітетін құрылғылар дайындау мақсатқа лайықты екені аталып өтті.

Тасқынға қарсы іс-шараларды орындау мәселелеріне қатысты. Аз қарлы қысқа қарамастан және үлкен тасқын күтілмесе де АЭЖ қосалқы станция аумағында қар тазалау жұмыстары аяқталды, персоналды жаттықтыру жүргізілуде, арнайы автокөліктің дайындығы тексерілуде, кезекшілік белгіленуде.

2018 жылға арналған жоспарға келсек, биыл Компания алдында 3,8 млрд теңге инвестициялық салымды игеру тұр. Бұл қаражат жабдықтарды жаңғыртуға, қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге, үлестіру жүйелерінің жаңа құрылысына және электр энергияны есептеу жүйесін жетілдіруге бағытталатын болады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі