«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылы жабдықтарды қайта қалпына келтіруге және жаңғыртуға 1,32 млрд теңге бөледі.

Қаржының көп бөлігін, 461,2 млн теңгесін, электриктер электр берудің кабельдік және әуе сымдарын қайта қалпына келтіруге жұмсайды. Петропавл қаласы бойынша жалпы 2018 жылы 15 км кабельдік желі, 10 км ВЛ 10 кВ әуе сымдары және 26 км ВЛ 0,4 кВ әуес сымдары ауыстырылады, ал аудандық облыстарда — 18 км ВЛ 0,4 кВ әуе сымдары жаңартылады.

Сонымен қатар, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның 2018 жылғы ірі жобаларының қатарында ғимараттарды қалпына келтіре отырып, ТП 10/0,4 кВ трансформаторлық подстанциялар жабдығын қайта қалпына келтіру, облыс подстанцияларының АТҚ 110 кВ ашық тарату құрылғыларын қайта қалпына келтіру, электрэнергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу, «SKADA» жүйесімен диспетчерлік жабдық пен 16 000 кВА жаңа трансформаторын сатып алу жоспарланған.

«Электр беру желілерін және күштік жабдықтарды қайта қалпына келтіру компанияға тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, желілердің тозуын және технологиялық бұзылулардың санын төмендетуге, сонымен қатар электрэнергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді. ЭКЕАЖ енгізумен біз бірінші жыл айналысып жатқан жоқпыз, бұл Қазақстан Республикасы электрэнергия көтерме нарығына шығудың басты шарты. Өлшеуші кешендерді орнату облыс подстанцияларының кірісінде және 0,4 кВ қалалық трансформаторлық подстанциялар кірісінде қарастырылған. Бұл электрэнергияны жоғары нақтылықпен тасымалдау және тарату процесстерін бақылауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.