«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-нда жыл сайынғы бұқаралық тыңдаулар өткізіліп, энергетиктер Компания тобына кіретін кәсіпорындар қызметі туралы есеп берді. Тұтынушылар мен қоғам өкілдері алдында ең алдымен Петропавл 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин сөз сөйлеп, жылу энергиясын өндіру саласындағы нәтижелермен таныстырды. Сондай-ақ, 2018 жылы кәсіпорында болған құрылымдық өзгерістерді сөз етіп, станция келешегі туралы да ой қозғады.