Биыл қазанда Астанада «ОАЭК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының өндірістік-техникалық департаментінің қызметкерлері үйренуге және жаңа технологияларды тәжірибеде қолдануға арналған семинарларға қатысты.

Кабельдік сымдардың ақауларын табу

Megger компаниясы ұйымдастырған семинарда энергоқамту желілерінде кабельдік желілердің бүлінуін іздеу, әуе желілерін диагностикалау, релелік қорғанысты сынақтан өткізу, сонымен қатар подстанциялық құрал-жабдықтарды және трансформаторларды сынақтан өткізудің заманауи әдістері қарастырылды.

Семинарға қатысушылардың айтуы бойынша бүлінген желілерді диагностикалаудың жаңа әдістері бойынша практикалық дағдылар құрылғылардың жұмысы жайлы толыққанды көрініс береді. Холдинг кәсіпорындарда енгізу үшін нарықтағы жаңа ұсыныстарды зерттеуді жалғастырмақ ниетте.

Виброөлшеу аппараты және теңгеруші білдектер

«KazEnergyDetection» ЖШС ұйымдастырған семинарда өндірістік-техникалық департамент өкілдері вибрацияға қатысты теңдестіру мен параметрлерді бақылау саласындағы жаңа зерттеулермен таныстырған «Завод БалМаш» презентациясымен танысты. Семинарда энергетикалық құрал-жабдықтарды пайдалану мен жөндеудің заманауи қырлары қарастырылды және жаңа ғасырдың өлшеу-диагностикалау виброанализаторлары, негізгі энергетикалық құрылғыларды диагностикалауға арналған көпканалды жүйе көрсетілді.

Семинарға қатысушылар атап өткендей, жаңа зерттеулермен танысу энергетикалық нарықты түсінуге және Холдингке қолдану үшін тиімді шешім қабылдауға көмектеседі.