Петропавлда жылыту маусымына дайындық жалғасып жатыр. «Петропавл жылу желілері» ЖШС бүгіндікке жоспарланған жөндеу жұмыстарының 59,3%-ын аяқтады, алайда Петропавл қаласының тұрғын үй қорының 23%-ы ғана қысқа дайын.

2 тамыз бойынша 1073 үйдің 260 тұрғын үйінде жылу тұтыну ішкі жүйесін жуып-шаю мен қысыммен тексеру бойынша шаралар жүргізілді. Аязды күндерді қарсы алуға және дайындық паспортын алуға Петропавлдың 14 көпқабатты үйі ғана толықтай дайын.

Жылуэнергетиктері жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін жалғастыруды жоспарлауда, демек тұтынушылардың өз үйлерін жылыту маусымына дайындауға аз ғана уақыты қалды.

«Жоспарланған күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары тәртіп бойынша жүріп жатыр. Тұрғындар өз пәтерлерінде қыста жаурамас үшін компания қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда тұтынушылар тарапынан да сапалы қызмет алуға қызығушылықтарын білдіруді сұраймыз» - дейді «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры Игорь Рыбас.

Бүгіндікке «Петропавл жылу желілері» ЖШС жоспарланған 11,984 км жылу желілерінің 7 км-ін айырбастады. Сонымен қатар жылуэнергетиктері құбыр желісінің жалаңаштанған бөліктерін оқшаулауды қайта қалпына келтіру бойынша жоспарды артығымен орындады.