Екібастұзда 14 қыркүйекте және Павлодарда 17 қыркүйекте жылыту маусымы басталды. Бірінші кезекте жылу берушілер әлеуметтік нысандарды қосты.

Бұл кезеңде тұрғын үйлердің жылуды қабылдауға дайындық мәселесі ерекше өзектілікке ие болды.  19 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Павлодарда 1314 көпқабатты үйлердің ішінен рәсімделген дайындық актілерін 363 көпқабатты үй алды. Жеке меншік секторларда 3791 тұрғын үйдің ішінен дайындық актісі 325 қожайында ғана бар.

Екібастұзда 665 көпқабатты үйлердің ішінен жылуды қабылдауға 157 үй дайын. Жеке меншік 5595 үйден дайындыққ актісін 15 қожайын ғана ала алды.

Жылу берушілер, егер үйдің ішкі жүйесі жылу маусымына дайын болмаса, көпқабатты және жеке меншік секторлар иелерін қыста сапалы жылумен қамтуды қаматамсыз етуге кепілдік бере алмайтындарын ескертеді.

Облыс орталығындағы бюджет саласы нысандарын қосуға келетін болсақ 19 қыркүйек бойынша 66 балабақша, 38 мектеп, 38 оқу орны мен 35 емдеу ғимараттары жылуға қосылды.