2017 жылы «Павлодарэнерго»АҚ (Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан) кәсіпорындарының электрэнергия өндіруі 4 млрд 73,839 млн кВтс құрады, бұл 2016 жылдан 6,4%-ға көп, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстанға» кәсіпорын баспасөз-қызметі.

«Жылу энергиясын өндіру өткен жылы 4 млн 445,067 мың Гкал-ды құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға аз, себебі қыс мезгілінде сыртқы ауаның орташа температурасы өте төмен деңгейге түскен жоқ», — деп атап өтті баспасөз-қызметі.

2017 жылы «Павлодарэнерго»АҚ-ның барлық бөлімшелерінің инвестбағдарламаларын жүзеге асыру үшін 12,8 млрд теңге (ағымдағы бағам — 330,43/$1), оның ішінде «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ жобаларын іске асыру үшін — 2,3 млрд теңге бөлінді.  

«ПЭТК» АҚ инвестбағдарламаларының ішінде — Павлодарда «Северная городская» 110/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы. Жаңа қосалқы станция жаңа тұтынушыларды қосуға және қазіргі тұтынушыларға ұсынылатын қуатты ұлғайтуға мүмкіндік береді», — дейді компаниядағылар.

Өткен жылдың негізгі жобасы — Екібастұздың жылу желілерін қайта құру жоспарын іске асыру болды. Бұл жобаны «Павлодар жылу желілеру» ЖШС «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізеді.

2016-2018 жылдары Павлодар мен Екібастұз қалаларының жылумен қамту желісін жаңғыртуға 13,94 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде инвестициялардың басым бөлігі Екібастұзға тиесілі, себебі желілердің тозу пайызы бұл қалада жоғарырақ, деді компаниядағылар.

Өткен жылы «Павлодар жылу желілері» ЖШС Екібастұзда 4,2 км магистральді және 17,46 км кварталішілік желілерді қайта қалпына келтірді. Павлодарда 9,5 км желісіне капиталды жөндеу жұмысы жүргізілді. 16 метр бойынан астам жылулық оқшаулама қайта қалпына келтірілді.

Дереккөз: abctv.kz