«Петропавл жылу желілері» ЖШС кәсіпорын нысандарын қайта құру және жаңғырту бойынша пресс-тур шеңберінде кезекті жылыту маусымы қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы қоғамға есеп берді.

Шара жылу энергиясын тұтынушыларға тарифтік сметаға реттемелі қызметтерге бекітілген шығындардың пайдаланылуы, сонымен қатар инвестициялық бағдарламалардың орындалуы мен кәсіпорынның активтерін жаңғыртылуы жайлы ақпарат беру мақсатымен ұйымдастырылған.

Түбегейлі және ағымдағы жөндей жұмыстары аясында 2018 жылы кәсіпорын 11,984 км жылу желілерін айырбастауды жоспарлаған (олардың ішінде 4,310 км – магистарльді желілер және 7,674 км – таратушы желілер). 14 тамыз 2018 жылға дейін жалпы қашықтығы 8,800 км құбыр желісі айырбасталды (магистарльды желілер – 3,689 км, таратушы – 5,111 км). Жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарын орындау пайызы – 73,74%. 2018 жылға жөндеу жұмыстары қорының сомасы 444,07 млн теңгені құрады. Бұдан өзге, құбыр желілерінің жалаңаштанған аймақтарын жылумен оқшаулауды жандандыру жүргізіліп жатыр. Барлығы 11 097 п.м. жылумен оқшаулауды қалпына келтіру жоспарланған, қазіргі таңда 3 805 п.м. жандандырылды.

Құбыр желісінің қай аймақтарын алмастыру керек екенін анықтау үшін құбыр желілерінің беріктігі мен қалыңдығын тексеру мақсатымен желілерді гидравликалық сынақтан өткізеді. Құбыр желілерінің бұзылған аймақтарын анықтаған соң жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылай дайындау арқасында 2017-2018 жылу маусымы жылдары технологиялық бұзылулар көлемі 12,3 % -ке азайды (220 жағдайдан 193 жағдайға дейін). Жылу желілерінің тозу пайызы бүгіндікке 65,1 % құрайды.