«Севказэнергосбыт» ЖШС-нде тұтынушылар мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның үшінші отырысы болып, жұмыстың аралық қорытындылары жасалды. Еске салайық, комиссияның құру жөнінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Игорь Витальевич Татаров бастама көтерген болатын. Комиссия құрамына энергетиктер, Петропавл қаласының өзге коммуналдық қызмет өкілдері, мемлекеттік органдар мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.

Энергетиктер ведомствоаралық комиссия отырыстарында әзірленген бірқатар шараларды жүзеге асыру бойынша есеп берді.