«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-нда кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында автотрансформаторларды ауыстыру шаралары атқарылуда. Энергетиктердің айтуынша, жаңа жабдықтар Қазақстан Республикасының энергожүйесімен үздіксіз байланысты қамтамасыз етіп, тозуды төмендетеді, сөйтіп, тұтынушыларға сенімді қызмет көрсетеді.

Автотрансформаторлар – турбоагрегаттармен бірге электр энергиясын өндіруге қатысатын жабдықтар. 2009 жылдан бері станцияда 1Т, 4ГТ және 5ГТ автотрансформаторлары ауыстырылды. 2018 жылы 7АТ автотрансформаторының істен шығуына байланысты қазіргі таңда тағы бір 6АТ автотрансформаторын алып, монтаждау шаралары жүзеге асырылуда.