2020 жылдан бастап "Солтүстік Қазақстан АЭК" АҚ желілеріне қосылу .үшін техникалық шарттар (ТШ) алу жеңілдей түсті. Энергетиктер өз тұтынушыларына ТШ беруге қатысты барлық операцияларды қашықтықтан жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл үшін ТШ алуға өтініш беру, оларды жою және ұзарту, сондай-ақ бақылау және дайын құжаттарды алу көзделген web-сервис әзірленді. Сервис іске қосылған екі айдың ішінде онда 149 пайдаланушы тіркелді.