«ОАЭК» АҚ-да «ТЕЗИС» электронды құжат алмасу жүйесі енгізіліп жатыр. 19-22 ақпан аралығында Астанада өткен оқу шеңберінде «ОАЭК» АҚ бас кеңсесі мен оның еншілес компаниялары: «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «АЭҮК» АҚ, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС қызметкерлеріне практикалық сабақтар өтті.

Қызметкерлер жүйенің негізгі функционалдарымен танысты, сонымен қатар оны практикада өз бетінше пайдаланып көрді және функционалдық мүмкіндіктеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап ала алды. Құжат алмасуды, іс қағаздарды жүргізуді автоматизациялауға арналған кешенді программалық шешім бизнес-процесстерді және жұмыс уақытын оңтайландыруға, компанияның түрлі қызмет көрсету мекемелері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сонымен қатар операциялардың ашықтығын арттыруға көмектеседі.

«ТЕЗИС»жүйесін ендіру ОАЭК холдингінің барлық кәсіпорындарында кезең-кезеңімен іске асады. Осыған ұқсас практикалық оқулар Павлодар және Петропавл кәсіпорындарында өткізілетін болады. «ТЕЗИС» электрондық құжат алмасу жүйесі осы жылдың алғашқы жарты жылдығында ендіріледі деп жоспарланып отыр.

«ОАЭК» АҚ Жобаларды басқару департаменті