29–30 қыркүйекте Астанада «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ («ОАОЭК» АҚ) 20 жылдық мерейтойының шеңберінде мини-футболдан тұңғыш корпоративтік турнир өтті. Турнирде Қазақстанның 4 өңірінен 6 команда жеңіске таласты: «ОАЭК» компаниясының құрамасы, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниясының құрамасы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының құрамасы, «АЭҮК» компаниясының құрамасы, «Каустик» компаниясының құрамасы, «Астана Инвест» компаниясының құрамасы.

Турнирдің екі күні де тартысты бәсекеде өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірінші орын «Каустик» командасына тиесілі, екінші орында —  «СЕВКАЗЭНЕРГО», үшінші орында «АРЭК» командасы, төртіншіде — «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» командасы, бесінші және алтыншы орындарды «ЦАЭК» және «Астана Инвест» командалары сәйкесінше бөліп алды.

Турнирдің үздік ойыншысы ретінде «Каустик» құрамасының капитаны Антон Ким танылды, үздік шабуылшы — «АРЭК» командасының ойыншысы Төрежан Бейсембеков, «СЕВКАЗЭНЕРГО» командасының ойыншысы Андрей Зелих үздік қақпашы, ал «Каустик» құрамасының ойыншысы Қуаныш Байгельдинов үздік қорғаушы атанды.

Корпоративтік турнир тұңғыш рет ұйымдастырылғанын айта кету керек. Оны өткізудің басты мақсаты — корпоративтік мәдениетті құру және дамыту, қызметкерлерді белсенді, салауатты өмір салтына үгіттеу, спортты дәріптеу және дамыту.