2020 жылы «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» Акционерлік қоғамына 23 жыл толады. «ОАОЭК» АҚ 1997 жылғы 11 маусымда құрылды. Бүгінде холдинг экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарды, соның ішінде энергетикалық және қаржылық компанияларды біріктіреді.

Энергетикалық компаниялар қатарында – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) құрамында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС және «АЭҮК» АҚ еншілес кәсіпорнының шоғырландырылған. Сондай-ақ «ОАОЭК» АҚ «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «Каустик» АҚ, «Павлодар-Водоканал Северный» ЖШС акцияларына ие.

«ОАОЭК» АҚ акционерлері «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларының тұрғындарды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамту және Қазақстан өңірлерін дамыту міндетін орындауы үшін инвестициялық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғысындағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.