Биыл мамырда Павлодарда «ОАЭК» АҚ-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен экология бойынша (ҚжЕҚ) төртінші өзара аудиті өтті. Аудиторлар қатарында еншілес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлімдер мен қызметтердің мамандары және «ОАЭК» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің өкілдері болды.

Бұл есеп бойынша төртінші аудит және екінші рет «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Компаниялар тобында ұйымдастырылып отыр. Шараны өткізу қауіпсіз еңбек шарттарын ұйымдастыру бойынша, ҚжЕҚ бойынша құжаттарды жүргізу және тиімді басқару бойынша озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған. Сонымен қатар аудиттер жарақаттанудың, энергетикалық және технологиялық құрал-жабдықтарды тасымалдау кезіндегі оқыс оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

Аудит кезінде қатысушылар «ПЭТК» АҚ-на, «Павлодар жылу желілері» ЖШС-на, Екібастұз жылу желілеріне, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-на, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ үш станциясына барып қайтты.

Келесі аудит «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да 2018 жылы қыркүйекте өткізу жоспарланған.