Петропавл жылу энергетиктерінің айтуынша, 2018-2019 жылғы жылу беру маусымында кәсіпорын қызметінде айтарлықтай ақау не істен шығу оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл тұтынушыларды жылумен қамту сапасынан көрініс тапты. Өткен қыста облыс орталығының жылу желілерінде технологиялық ақаулардың орын алуs екі есеге жуық (45 %-ға) қысқарды.

2018-2019 жылғы жылу беру маусымы кезінде 33 технологиялық ақау орын алса, өткен жылу маусымында мұндай ақаулар саны 60 болған. Сондай-ақ, тұтынушылар тарапынан түскен арыз-шағымдар саны да 47 %-ға кеміді.