«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-нда бизнес процестерді автоматтандыру мақсатында ТЕЗИС жүйесін енгізу жобасы 2017 жылдың аяғында бастау алды. Бір жыл ішінде холдингке кіретін 13 кәсіпорынға бірегей ақпараттық кеңістік қалыптасты. Жүйе маңызды модификациялаулардан өтіп, электр желілеріне қосылу, тауар сатып алу, Ellipse және 1С жүйелерімен біріктіру, сондай-ақ, құжаттарды бірдейлендіру процестері автоматтандырылды.