Павлодар қалалық ардагерлер активінің көшпелі семинары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Ардагерлер кеңесінің базасында өткізілді. Ардагерлер қозғалысының негізгі бағыттарын талқылау барысында біріккен Ардагерлер кеңесі мен оның құрылымдық бөлімшелері жұмысының негізгі аспекттері қозғалды. Семинар жұмысына «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ӨТБ басшысы Александр Скворцов пен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Балтабек Төлеубаев қатысты.

Қалалық ардегрлер ұйымдарының төрағалары Павлодар энергетиктерінің ардагерлер қозғалысының жұмысымен танысты. ӨТБ басшысы Александр Скворцов энергетика саласындағы жалпы жағдай туралы қысқаша әңгімелеп, компания басшылығы өз ардагерлеріне қашанда қолдау көрсететінін жеткізді. Мүмкіндікке қарай материалдық қолдау көрсетіліп, ардагерлер ұйымының өтініштері қанағаттандырылады.