Баспасөз хабарлама

«ОАЭК» АҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНДА ТАҒАЙЫНДАУ

4 қазан 2017 ж.  Алматы қ.


«Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) Директорлар Кеңесінің 28 қыркүйек 2017 жылғы шешімімен «ОАЭК» АҚ атқарушы органына қайта сайлау жүргізілді, «ОАЭК» АҚ Президенті қызметіне Сергей Владимирұлы Кан тағайындалды.

Аталмыш тағайындау топ-менеджменттің жоспарлы ауысуы аясында іске асып отыр және Корпорацияның ұзақмерзімді стратегиялық даму жоспарына сай.

Сергей Владимирұлы Кан кәсіби тәжірибесі мол, іскерлік беделі жоғары мамандар қатарында. 20 жылдан бері Қазақстан Республикасының нарығында әртүрлі саладағы қазақстандық және шетелдіктермен біріккен кәсіпорындардың қызметін дамыту, ілгерілету және басқару, қазақстандық және шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындарда Төраға және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде стратегиялық тапсырмаларды шешумен айналысып келеді. Мұнай-газ, теңіз, инжиниринг, көлік салаларында, сонымен қатар энергетика саласында инвестициялық, экономикалық және қаржылық бағыттар бойынша кеңес береді.

Сергей Владимирұлы Кан он жылдан аса уақыттан бері «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ-ның («ОАОЭК» АҚ) ірі акционері. «ОАОЭК» АҚ акционерлерімен бірге «ОАОЭК» АҚ холдингіне кіретін барлық компаниялар тобының жұмысына, құрылымына және қалыптасуына әрдайым ат салысып келеді.

«ОАЭК» АҚ Президенті қызметінде Сергей Владимирұлы Кан еншілес компанияларды басқарудағы мирасқорлықты сақтап қана қоймай, холдинг кәсіпорындарында бизнес-процесстерді жетілдіруге жаңа серпін береді. Корпорация электр- және жылуэнергиясын өндіруді арттыруға, тасымалдау кезіндегі шығынды азайтуға, сонымен қатар өндірістің экологиялық параметрлерін жетілдіруге бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастырады.

Ақпарат үшін:
«ОАЭК» АҚ — 8 тамыз 2008 жылы құрылған вертикалды біріктірілген энергетикалық холдинг. Қазақстан Республикасының энергетика саласында ең ірі жеке компания.

«ОАЭК» АҚ-ның ірі акционерлері — «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ («ОАОЭК» АҚ), халықаралық даму институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, акционерлері Азия және Ислам даму банктері болып табылатын Ислам инфрақұрылым қоры.

«ОАЭК» АҚ Қоғаммен байланыс
бойынша Департаменті,
Тел.: +7 (727) 259 08 63,
pr@energy.kz
www.caepco.kz