Бір рет көрген артық
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-нда Петропавл теміржол транспорты колледжінде «Электроқамту» мамандығы бойынша білім алып жатқан үшінші курс студенттеріне арналған экскурсия ұйымдастырды. Болашақ энергетиктерді еңбек дәстүрлері мен өндіріс ерекшеліктерімен электр желілік компанияның бас инженері Виталий Фесько таныстырды.
ТолығырақҒылыми жұмыстар байқауы
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кадрлық саясаты бағыттарының бірі Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерімен өзара қатынасын дамыту. 2015 жылы «ОАЭК» АҚ деңгейінде «PROFENERGY» жобасы бастау алды, оның шеңберінде жас мамандарды қолдау жүйесі мен кәсіпорындардағы негізгі мамандықтарға жоғары оқу орындары түлектерін тарту бойынша бағдарламалар жұмыс істей бастады. Бағдарламаның шаралары қатарында — шәкіртақы алу үшін студенттер арасында ғылыми байқау өткізу.
Толығырақ№ 6 ТУРБОАГРЕГАТЫН ҚАЙТА ҚҰРҒАННАН КЕЙІН 3-ЖЭО-НЫҢ ОРНАТЫЛҒАН ҚУАТЫ 555 МВТ ДЕЙІН ҰЛҒАЙДЫ
Павлодар 3-ЖЭО-сында станциялық №6 турбоагрегатты күрделі қайта құру аяқталды, нәтижесінде турбинаның орнатылған қуаты 125 МВт дейін ұлғайды. Барлық жылу электр орталығының жалпы орнатылған қуаты енді 555 МВт құрайды. Жобаны іске асыру кезінде жаңа технологиялар қолданылып, оны Қазақстан және ТМД аумағында бірегей етті.
Толығырақ


