26 мар, 2024
"ОАЭК" АҚ-да директорлар кеңесінің құрамы өзгерді


"ОАЭК" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа Төрағасы болып - Қаржы және корпоративтік басқаруда бай тәжірибесі бар жоғары білікті маман Левин Тан сайланды.

 

Ол Уорвик университетін компьютерлік және іскерлік зерттеулер бойынша үздік дипломмен бітіріп, Warwick Business School-да магистр дәрежесін алды. Ол өзінің мансабын SUNEDISON ENERGY HOLDINGS (СИНГАПУР) PTE. LTD-де бастап, содан кейін оны CAPITAL ADVISORS PARTNERS ASIA PTE. LTD. және VOPAK ASIA PTE. LTD-де Азия мен Таяу Шығыстағы қаржы және бизнесті дамыту саласында негізгі позицияларды иелене отырып жалғастырды.

 

2022 жылғы наурыздан бастап Левин Тан "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ал 2024 жылғы наурыздан бастап Төраға ретінде кеңесті басқарды.