Соңғы уақытта бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «ОАЭК» АҚ өзінің еншілес кәсіпорындары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ін сату жөнінде ресейлік компаниямен келіссөздер жүргізіп жатқаны жайлы ақпарат тараған болатын.
Осыған орай, «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ өзінің еншілес кәсіпорындарын сату жөнінде ресейлік не өзге де компаниялармен ешқандай келіссөздер жүргізіп жатпағанын ресми түрде хабарлайды. БАҚ хабарламаларында көрсетілген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және «ОАЭК» АҚ және оның акционерлерінің көзқарасы мен стратегиясына қайшы келеді. Айта кету керек, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату жауапкершілігі жөніндегі БАҚ туралы заңнаманы бұза отырып, жалған ақпаратты таратқан ақпарат құралдарының бірде-бірі «ОАЭК» АҚ-на ақпарат не түсініктеме сұрап хабарласқан жоқ. Компания шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқан басылымдарға, сондай-ақ, КазТАГ агенттігіне қарсы мақала берді.
Компания өз активтерін сату жөнінде ниетінің жоқ екенін хабарлайды, керісінше, өзіне тиесілі кәсіпорындарды дамытып, активтерге кең ауқымды жаңарту және қайта құру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өндірістік мүмкіндігін арттыруды жоспарлап отыр. Компанияның 2009-2013 жылдар аралығындағы инвестициялық салымдарының жалпы көлемі 83,4 млрд. теңгені құрады. 2014 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша, «ОАЭК» АҚ жылу электр станцияларының жиынтық белгіленген қуаты 1 061 МВт және 2 895 Гкал құрады. Компания 2018 жылға дейін 192 млрд. теңге көлемінде, инвестиция салымын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, Компанияның негізгі жабдықтарының тозуы 2009 жылғы 80 % көрсеткіштен 2018 жылы 39% көрсеткішке төмендейді. Әрекеттегі активтерін дамытудан бөлек, компания Қазақстан нарығының аймақтық қатысуын кеңейту бойынша жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.
Аталмыш стратегия қоғамның акционерлері – Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам инфрақұрылым қорымен бірлесе отырып жасалған, бұлардың Компания капиталына қатысуы оның жұмысына деген сенімділіктің айғағы болып табылады. Мақсатты да ауқымды жұмыс, басқарудың ашықтығы мен айқындығы, серіктестік қатынастарды бекемдеу – «ОАЭК» АҚ-тың бизнесті жүргізуінің маңызды бағыттары болып табылады. Компанияның стратегиялық мақсаты – әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, қатысу аймақтарында өсіп келе жатқан тұтынушылық қажеттілікті қанағаттандыру және әлеуметтік жауапкершілікті бизнес құру жолында өндіріс саласындағы жетекші стандарттарға қол жеткізуге негізделген.
Ақпарат көзі: «Айқын» газеті, № 188, 17.10.2014 ж.