Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

ТБЖ және ІБЖ

«ОАЭК» АҚ Компаниялар тобында корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) және ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) жұмыс істейді. Олар Компаниялар тобының сенімді жұмысына және мақсаттарына жетуіне кедергі келтіруі мүмкін оқиғаларды уақтылы анықтауға және оларды басқаруға көмектеседі. Екі жүйе де COSO және ISO 31000 халықаралық стандарттарына негізделген және барлық еншілес ұйымдар мен басқару деңгейлерін қамтиды.

Тәуекелдерді басқарудың мақсаты

«ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен және Компаниялар тобы іске асыратын Тәуекелдерді басқару саясаты Компаниялар тобының тәуекелдерге қатысты ұстанымын айқындайды, ТБЖ құру мен оның жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарын, оның мақсаттары мен міндеттерін, тәуекелдерді басқару процестерін ұйымдастырудың, іске асырудың және бақылаудың негізгі тәсілдемелерін белгілейді.

Компаниялар тобының шаруашылық қызметін тиімді жүзеге асыруға және репутациясына, қызметкерлердің денсаулығына, қоршаған ортаға, акционерлер мен инвесторлардың мүліктік мүдделеріне қатер төндіретін оқиғалардың (тәуекелдердің) теріс әсерін уақтылы анықтау, бағалау және азайту, сондай-ақ тұрақты үздіксіз жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету, Компаниялар тобының алдына қойылған стратегиялық және операциялық мақсаттарға жетуге негізді сенімділікті қамтамасыз ету үшін қолайлы мүмкіндіктерді іске асыру Компаниялар тобының тәуекелдерді басқару саласындағы негізгі мақсаттары болып табылады.

Қағидаттар

Тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында Компаниялар тобы барлық деңгейде келесі қағидаттарға сәйкес болуға ұмтылады:

Тәуекелдерді басқару процесі

Қағидаттар бүкіл Компаниялар тобын қамтитын және төрт кезеңнен тұратын тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесінде іске асырылады:

  1. 01
    1-кезең

    Тәуекелдерді анықтау

    Тәуекелдерді анықтау және кейіннен бағалау әрі басқару үшін оларды корпоративтік Тәуекелдер тізіліміне енгізу процесі. Тәуекел иелерін тағайындау.

  2. 02
    2-кезең

    Тәуекелдерді талдау және бағалау

    Тәуекелдің Компаниялар тобының өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ету сынилығын айқындау процесі.

  3. 03
    3-кезең

    Тәуекелдерді басқару

    Компаниялар тобының қызметіне әсер ететін оң оқиғаларды барынша көбейту және теріс оқиғаларды барынша азайту арқылы алға қойылған мақсаттарға жетудің ең тиімді әдісін анықтаумен, бағалаумен және таңдаумен байланысты процесс.

  4. 04
    4-кезең

    Тәуекелдер мониторингі

    Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының мониторингіне (іс-шаралардың жүйелілігі, уақтылылығы және орындалу сапасы) бағытталған процесс.

Тәуекел-аппетит

Тәуекелдерді бағалау және басқару кезеңдеріндегі шешімдер тәуекел-аппетитті ескере отырып қабылданады: тәуекелдерді басқару бойынша шаралар оларды Компаниялар тобы үшін қолайлы деңгейге сәйкес келтіруі тиіс.

Тәуекел-аппетит – бұл Компаниялар тобы өзі үшін қолайлы деп санайтын және өз мақсаттарына жету процесінде қолдауға ұмтылатын тәуекелдердің шекті рұқсат етілген деңгейі. Тәуекел-аппетит – тәуекелдің қолайлы деңгейінде операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметті жүргізу шеңберін айқындайтын қосымша басқару құралы болып табылады, оларды сақтау Компаниялар тобының стратегиялық мақсаттарына жетуге негізді кепілдік береді.

  1. Айқындау / қайта қарауДиректорлар кеңесінің бекітуі
  2. Рәсімдеу және коммуникацияқызметкерлерді хабарландыру
  3. Мониторингағымдағы бизнес-шарттарға сәйкестігін бақылау

Тәуекел топтары бойынша тәуекел-аппетит тұжырымдары

Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «ОАЭК» АҚ Компаниялар тобының Тәуекел-аппетит туралы мәлімдемесінен үзінділер

Нормативтік реттеу

Тәуекелдерді басқару тәсілдемелері халықаралық стандарттар негізінде әзірленген Компаниялар тобының ішкі құжаттарында бекітілген:

Халықаралық

COSO – Тредвей комиссиясы демеуші ұйымдарының комитеті

  • «Ұйымның тәуекелдерін басқару. Стратегиямен және қызмет тиімділігімен интеграциялау»
  • «Тәуекелдерді басқару жүйесін жақсарту үшін негізгі тәуекел көрсеткіштерін әзірлеу»
  • «Тәуекел-аппетитті түсіну»

ISO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым

  • ISO 31000-2018 «Тәуекел менеджменті. Қағидаттар мен басшылық»

Корпоративтік

  • Компаниялар тобындағы тәуекелдерді басқару саясаты
  • Компаниялар тобында тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру әдіснамасы
  • Компаниялар тобында тәуекел-аппетитті айқындау және мониторингтеу әдіснамасы
  • Компаниялар тобында тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша бөлімшелердің өзара іс-қимыл регламенті