«АЭҮК» АҚ

«АЭҮК» АҚ

«Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» акционерлік қоғамы 2001 жылы құрылды. Компания Ақмола облысының 14 әкімшілік ауданында, сондай-ақ Астана қ. бір бөлігінде 110-35-10/6-0,4 кВ өңірлік таратушы желілер бойынша электр энергиясын тасымалдауды жүзеге асырады.

Қызмет көрсету аймағының жалпы ауданы 114 390 шаршы километрді құрайды. «АЭҮК» АҚ басқаратын желінің жалпы ұзындығы 19 994 километрді құрайды. Компания активтеріне жиынтық қуаты 3 016 МВА болатын 3 498 қосалқы станция кіреді. «АЭҮК» АҚ желілері бойынша жыл сайынғы электр энергиясын тасымалдау 2,3 млрд кВт·сағ асады, ал электр қуатының ең жоғары жүктемесі 546 МВт құрайды.

«АЭҮК» АҚ Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бөлігі болып табылады. Компанияның электр желілеріне әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар шоғырланған Қазақстанның өнеркәсіптік өңірі – Ақмола облысы ұйымдарының көпшілігі қосылған.

«АЭҮК» АҚ құрамына басқарушы компания, электр желілері кәсіпорындарының (ЭЖК) бір филиалы, ауданаралық электр желілерінің (АЭЖ) екі филиалы және 13 аудандық электр желілері (АЭЖ) кіреді.

Ауданаралық электр желілері (АЭЖ)

  • Степногорск АЭЖ
  • Есіл АЭЖ

Электр желілері кәсіпорындары (ЭЖК)

  • Ақмола ЭЖК

Аудандық электр желілері (АЭЖ)

  • Ақкөл АЭЖ
  • Бұланды АЭЖ
  • Ерейментау АЭЖ
  • Шортанды АЭЖ
  • Есіл АЭЖ
  • Жақсы АЭЖ
  • Жарқайың АЭЖ
  • Сандықтау АЭЖ
  • Атбасар АЭЖ
  • Аршалы АЭЖ
  • Астрахан АЭЖ
  • Целиноград АЭЖ
  • Қорғалжын АЭЖ
Мақсаттар мен даму

Мақсаттар мен даму

«АЭҮК» АҚ мақсаты Ақмола облысының энергетикалық жүйесін орнықты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. «АЭҮК» АҚ бизнес қызметінің тиімділігін арттыруға және компания активтерінің нарықтық құнын өсіруге бағытталған жұмыстарды жүргізеді.

«АЭҮК» АҚ-да өндірістік процестерді жетілдіру мақсатында 2011 жылдан бастап инвестициялық жобалар әзірленіп, іске асырылуда. Таратушы электр желілері мен энергетикалық жабдықтарды реконструкциялау және жаңғырту, жаңа техниканы енгізу, сондай-ақ электр энергиясын тасымалдауды есепке алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.