«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысын энергиямен қамтамасыз етуді: энергоресурстарды өндіруді, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асырады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2009 жылғы 13 шілдеде «Аксесс Энерго ПТЭЦ-2» ЖШС-н қайта құру нәтижесінде құрылды және 1999 жылғы 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарында тіркелген Серіктестіктің барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» Компаниясының құрамына кіреді:
- Петропавл 2-ЖЭО;
- «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ (Солтүстік Қазақстан облысының электр желілері)
Станцияның орнатылған электр қуаты 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ құрайды. Өндірісте пайдаланылатын негізгі отын – Екібастұз бассейнінің тас көмірі.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының 167 177 үй шаруашылығын, сондай-ақ өңірдегі 5500-ден астам өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Компанияның электр беріліс желілерінің ұзындығы шамамен 13 009,2 шақырымды құрайды.
Компания корпоративтік басқару қағидаттарын белсенді түрде енгізуде, бизнес-процестерді оңтайландырады және өндіріс, денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибені жетілдіреді.


