
Қоршаған ортаны қорғау
«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ еншілес компаниялары электр және жылу энергиясын өндіруді, бөлуді және өткізуді жүзеге асырады. Өндірістік қызмет процесінде «ОАЭК» АҚ еншілес ұйымдары атмосфералық ауаға ластаушы заттар мен парниктік газдардың эмиссиясы, өндіріс қалдықтарының түзілуі мен көмілуі, табиғи ресурстарды тұтыну түрінде қоршаған ортаға әсер етеді.
«ОАЭК» АҚ экожүйеге тигізетін ықпалының ауқымын түсінеді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, персоналдың және қатысу өңірлері тұрғындарының денсаулығын қорғауға ұмтылады. Дәстүрлі энергетикаға тән жағымсыз салдарды барынша азайту үшін Корпорация өндірістік активтерді жүйелі түрде жаңғыртады.
«ОАЭК» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты мынадай басым бағыттар бойынша жүргізеді:
- атмосферадағы ластаушы заттар мен парниктік газдардың (CO₂) көлемін азайту;
- суды ұтымды тұтыну және ағынды суларды ағызуды бақылау;
- өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары «ОАЭК» АҚ Экологиялық саясатында бекітілген. Құжат Корпорацияның қатысу өңірлеріндегі қоршаған орта саласындағы мақсаттарын айқындайды және жұмыскерлерді үздіксіз экологиялық оқытудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Корпорацияның барлық өндірістік объектілерінде 10 жылдан астам уақыт бойы ISO сериясының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істейді. Сертификаттау кәсіпорындарға жүзеге асырылатын өндірістік қызметке байланысты қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін қоршаған орта, персонал немесе басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді барынша азайту процестерін жетілдіруге және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерді тиімдірек орындауға көмектеседі.
Экологиялық менеджмент жүйесінен бөлек, Корпорацияда сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001), денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (ISO 45001) және энергетикалық менеджмент жүйесі (ISO/CD 50001) де табысты жұмыс істейді.
Корпорация кәсіпорындары арасында қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай тәсілдерді әзірлеу және тәжірибе алмасу үшін жылына екі рет өзара аудиттер өткізіледі.
«ОАЭК» АҚ өндірістік объектілерінде экологиялық қауіпсіздікті арттыру үшін уәкілетті органмен келісілген қолжетімді ең үздік технологияларды (ҚЕҮТ) енгізу бойынша жеке жол карталары әзірленді. ҚЕҮТ енгізудің болжамды мерзімі – 2027 жылдан 2040 жылға дейін.
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайту — Корпорацияның табиғат қорғау қызметінің маңызды аспектісі. Шығарындыларды азайтуға энергетикалық және экологиялық тиімділігі төмен ескірген генерациялаушы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи талаптарға сай келетін жаңа қуаттармен алмастыру барынша ықпал етеді.
2009–2024 жылдар аралығында компаниялар тобының генерация объектілерінен атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 46,4%-ға төмендеді (110,4 мың тоннадан 59,2 мың тоннаға дейін, өзге де шығарындыларды қоса алғанда). Негізгі себептері — түтін газдарын көмір күлінен тазартуға арналған эмульгаторларды енгізу, азот оксидтерін басудың бастапқы әдістерін енгізу, энергия үнемдеу бағдарламасының іс-шараларын орындау, сондай-ақ жабдықты реконструкциялау.
Генерациялау объектілерінде орнатылған 2-ші буындағы батареялық эмульгаторларды түтін газдарын тазарту дәрежесі 99,6% құрайтын 3-ші буындағы эмульгаторларға кезең-кезеңімен жаңғырту жүргізілуде. Жаңғырту қолданыстағы құйын түзгіш блогының ұяшықтарына биіктігі бойынша жауырынды аппараттардың екінші белдеуін орнатудан тұрады, яғни бір құйын түзгіш шегінде түтін газдарын қос тазарту жүзеге асырылады. Бұл іс-шараны өткізу көмір күлі шығарындыларының жалпы жылдық көлемін жылына 48 мың тоннадан 11 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді.
2023–2025 жылдары Павлодар 3-ЖЭО мен Петропавл 2-ЖЭО-да жаңа түтін құбырларының құрылысы жүргізілді.
2024–2025 жылдары станциялардың қолданыстағы және жаңадан салынған түтін құбырларында атмосфераға эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін монтаждау және пайдалануға беру жүзеге асырылды. Бұл жүйе негізгі стационарлық эмиссия көздеріндегі қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін тәулік бойы бақылап отырады және деректерді шынайы уақыт режимінде мемлекеттік ақпараттық жүйеге беруді қамтамасыз етеді.
Ағымдағы көрсеткіштер
Атмосфераға негізгі ластаушы заттардың шығарындылары, мың т - Күл
- SOx
- NOx
050100150104,498,487,575,175,374,271,776,274,877,177,976,263,960,261,861,260,0’092009’102010’112011’122012’132013’142014’152015’162016’172017’182018’192019’202020’212021’222022’232023’242024’252025Деректерді кесте түрде көрсету
Жыл Күл SOx NOx Жиыны Көмір шығыны, млн т 2009 48,1 42,8 13,5 104,4 5,41 2010 41,1 42,5 14,8 98,4 5,63 2011 29,6 43,4 14,5 87,5 5,67 2012 17,0 42,0 16,1 75,1 5,82 2013 14,2 43,7 17,4 75,3 6,02 2014 13,6 43,1 17,5 74,2 5,86 2015 13,3 43,8 14,6 71,7 6,02 2016 14,3 46,5 15,4 76,2 6,43 2017 14,4 45,7 14,7 74,8 6,46 2018 14,4 46,5 16,2 77,1 6,43 2019 14,1 47,7 16,1 77,9 6,52 2020 13,2 47,0 16,0 76,2 6,73 2021 11,0 39,5 13,4 63,9 6,03 2022 10,4 37,0 12,8 60,2 5,00 2023 11,0 38,2 12,6 61,8 5,38 2024 10,6 38,0 12,6 61,2 5,51 2025 10,6 37,4 12,0 60,0 5,33 Су ресурстарын пайдалану станциялардың өндірістік процестерінің ажырамас бөлігі болып табылады және жабдықтарды салқындату процесінде шешуші рөл атқарады. «ОАЭК» АҚ компаниялар тобының генерациялаушы объектілерінде салқындатқыш тоғаны және градирнялары бар техникалық сумен жабдықтаудың айналымды жүйелері қолданылады. Салқындатқыш тоған ретінде Есіл өзеніне су ағызғышы бар Үлкен Белое көлі пайдаланылады. Ағынды сулар ағызғышы эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.
Сондай-ақ станцияларда ауыз сумен жабдықтау, нөсер және коммуналдық-тұрмыстық кәріз жүйелері бар. Шаруашылық-тұрмыстық, ауыз су, өртке қарсы қажеттіліктерге сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру жергілікті су арналарымен жасалған шарт бойынша қалалық су құбыры және кәріз желілері есебінен орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
«ЦАЭК» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары пайдаланатын судың барлығы тұщы суға жатады. Сезімтал су көздері пайдаланылмайды.
Станцияларда өндірістік және шаруашылық қызмет процесінде ағынды сулардың екі түрі түзіледі:
«Өнеркәсіптік ағындылар» санаты (ағынды сулардың жалпы көлемінің 99%-дан астамы) гидрокүлжою жүйесінен шығатын ағынды сулардан және станциялардың техникалық тораптары мен агрегаттарын салқындату үшін пайдаланылатын сулардан тұрады; ағындылардың бұл түрі тазартылғаннан және тұндырылғаннан кейін өндірістік циклге қайтарылады.
«Шаруашылық-нәжістік ағындылар» санатын (жалпы көлемнің 1%-дан азы) әкімшілік ғимараттардан, асханалардан және басқа да қызметтік үй-жайлардан жиналатын және қалалық тазарту құрылыстарына бұрылатын шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар құрайды.
Су ресурстарын қорғау үшін «ОАЭК» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары негізгі шаралар кешенін іске асыруда. Олардың қатарында – бұрылатын сулардың сапасын арттыру, тазарту құрылыстарын жаңғырту («Рубеж 45» тұрақты бондық бөгеттерін жүйелі түрде тазалауды қоса алғанда), сондай-ақ Белое көлінде түпті тазалау жұмыстарын жүргізу бар.
Станцияларда түзілетін қалдықтардың жалпы массасының 99%-ын күл-қож қалдықтары құрайды. Күл-қож қалдықтары арнайы жабдықталған жазықтық типті гидротехникалық құрылыстарға — күл үйінділеріне жинақталады. Күл-қож қалдықтарын жинақтауға арналған жаңа сыйымдылықты құру кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау қоршаған ортаның өндірістің күл-қож қалдықтарымен ластануын болдырмауға және станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Күл үйінділерінің жаңа секцияларын салу кезінде күл үйіндісінің табанында сүзілуге қарсы экранның ең жаңа технологиясы — канадалық полисинтетикалық геомембрана қолданылады. Арнайы үлдірді – геомембрананы қолдану 100% гидрооқшаулауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл топырақты және жерасты грунт суларын гидрокүлжоюдың айналымды жүйесінің тұндырылған суындағы химиялық компоненттермен ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін сенімді әрі ұзақ мерзімді сүзілуге қарсы экран болып табылады.
Станцияларда түзілетін қалдықтардың қалған массасы – өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтар; жинау кезінде олар сұрыпталады және одан әрі қайта өңдеу және/немесе кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға беріледі.
Ағымдағы көрсеткіштер
Өндіріс қалдықтарының түзілуі, мың т
Күл-қож қалдықтары 01 0002 0003 0002 3892 4372 6002 6082 6082 6782 8322 4662 1132 2512 2362 236’142014’152015’162016’172017’182018’192019’202020’212021’222022’232023’242024’252025Деректерді кесте түрде көрсету
Жыл Күл-қож қалдықтары 2014 2 389 2015 2 437 2016 2 600 2017 2 608 2018 2 608 2019 2 678 2020 2 832 2021 2 466 2022 2 113 2023 2 251 2024 2 236 2025 2 236 Өнеркәсіптік қалдықтар 010203014811812111322101410’142014’152015’162016’172017’182018’192019’202020’212021’222022’232023’242024’252025Деректерді кесте түрде көрсету
Жыл Өнеркәсіптік қалдықтар 2014 — 2015 14 2016 8 2017 11 2018 8 2019 12 2020 11 2021 13 2022 22 2023 10 2024 14 2025 10

