Бұланды АЭЖ желілік-мастерлік учаскесінің бригадасы Макинск қаласында 0,4 кВ оқшауланған әуе желісін (ОӘЖ) қайта жаңартуды жалғастыруда. Модернизациялау жобасы шеңберінде жалпы ұзындығы 20 км ОӘЖ-0,4 кВ қайта құру, 9 жиынтық-трансформаторлық кіші станцияны (ЖТКС) ауыстыру және 1210 тірек орнату жоспарланған. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Электр беру желісін қайта құру "АЭҮК" АҚ жыл сайынғы негізде жүргізеді және бұл электр энергиясының технологиялық шығындарын азайту мен пайдалану шығындарын азайту үшін қажет.