PROFENERGY

PROFENERGY

«Орталық-Азия Электр Энергетикалық Корпорациясы» АҚ («ЦАЭК» АҚ) PROFENERGY жобасы шеңберінде жас мамандардың кәсіби дамуы үшін жағдай жасайды.

2015 жылы «ЦАЭК» АҚ-ның еншілес ұйымдарында жас мамандарды қолдау және оқу орындарының түлектерін кәсіпорындардың негізгі/маңызды кәсіптеріне тарту, кадрлардың білім деңгейін арттыру мен дамыту, негізгі қызметкерлерді ұстап тұру жөніндегі бағдарлама іске қосылды.

  • Оқу бағдарламаларын жетілдіру;
  • Тәжірибе, экскурсиялар мен кездесулерді ұйымдастыру;
  • Каникул кезеңіне уақытша жұмысқа орналастыру;
  • Жобалар байқауы;
  • Атаулы стипендия тағайындау;
  • Емтихан комиссияларына қатысу;
  • Өндірістік және дипломалды тәжірибені төлеу.

Осы бағдарлама шеңберінде еншілес ұйымдарда жұмыс істеп жүрген жас мамандарға бағытталған іс-шаралар мыналарды қамтиды:

  • Оқу демалысын төлеу;
  • Оқу ақысын төлеу үшін пайызсыз қарыз беру;
  • Оқу орнын сәтті аяқтауға байланысты бонус.

«PROFENERGY» жобасы шеңберіндегі жас мамандарды қолдау және кадрлардың білім деңгейін арттыру бағдарламасы техникалық мамандарды даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.