Левин Тан
Директорлар кеңесінің Төрағасы
2005 жылы University of Warwick (Ұлыбритания) «Компьютерлік және бизнес-зерттеулер» мамандығы бойынша үздік бітіріп, 2006 жылы Warwick Business school-да магистр дәрежесін алды.
Еңбек өтілін SUNEDISON ENERGY HOLDINGS (SINGAPORE) PTE. LTD.-де жобалық қаржыландыру және корпоративтік даму жөніндегі менеджер ретінде бастаған.
2016 жылдың наурызынан 2023 жылдың наурызына дейін өзінің еңбек өтілін CAPITAL ADVISORS PARTNERS ASIA PTE. LTD. (Рогатин компаниялар тобына кіреді) компаниясының инфрақұрылымдық инвестициялар жөніндегі директоры ретінде жалғастырды.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін VOPAK ASIA PTE. LTD. -де Азия мен Таяу Шығыстағы бизнесті дамыту бойынша бас менеджер қызметін атқарады
2022 жылдың наурыз айынан бастап «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Орта-Азиялық электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-да Директорлар кеңесінің Төрағасы.
Орал Бағдат Еркебұланұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі,
2008 жылы Алматы Энергетика және Байланыс Университетін «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2009–2011 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Фрайбург университетінде (Германия) оқыды, «Жаңғырамалы энергия көздерін басқару» мамандығы бойынша M.Sc. дәрежесін алды.
2010 жылы Фраунгофер күн сәулесінің энергия жүйесі ғылыми-зерттеу институтында тәжірибе жинақтады, энергетикалық қондырғыларды сертификациялаумен айналысты. 2001 жылдың наурызынан 2012 жылдың наурызына дейін — Фраунгофер күн сәулесінің энергия жүйесі ғылыми-зерттеу институтында ассистент, өзгермелі фаза материалдарын зерттеу департаментінде жобалар басшысы болды.
2012 жылдан 2014 жылға дейін — «Samruk-Green Energy» ЖШС-да жоба менеджері, ал кейін бас жоба менеджері қызметтерін атқарды. 2014 жылдың наурызынан маусымына дейін «Samruk-Green Energy» ЖШС-да перспективалық даму басқармасының басшысы болды.
2014 жылдың маусымынан 2018 жылдың маусымына дейін — «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС басшысы.
2018 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы наурызға дейін «ОАЭК» АҚ Вице-президенті, содан кейін «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасының Энергия өткізу жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.
2021 жылғы наурызда «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Бағдат Еркебұланұлы «ҚЭҚ құрметті энергетигі» атағымен марапатталған.
Нигай Александр Данилович
Директорлар кеңусiнiң мүшесi
Санкт-Петербург Гуманитарлық Кәсіподақтар Университеті Алматы филиалын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2017 жылы «ОАЭК» АҚ коммерциялық сұрақтар бойынша вице-президенті болып тағайындалды.
2018 жылдың қаңтарынан «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Ақмола ЭҮК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Лашкул Игорь Сергеевич
Директорлар кеңесінің мүшесі
2000 жылы Алматы қаласындағы "Қайнар" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.
2011 жылы Алматы қаласындағы "Қаржы" мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын үздік бітірді.
Энергетика және өнеркәсіптің өзге де салаларында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
2024 жылдың наурыз айынан бастап «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Табанов Эльдар Рашитұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
1989 жылы Алма-Ата халық шаруашылық институтын бітірген.
2001-2003 жылдар аралығында «Астана-энергосервис» ААҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды, 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілеттігінің Кеңесшісі болды. 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Канцеляриясының өндіріс саласы мен инфрақұрылым бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңесшісі қызметін атқарды, 2007 жылдан 2008 жылға дейін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ магистралді теміржол желісі департаменті директорының орынбасары болды.
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Кеңесшісі болып қызмет атқарды, 2009 жылдан 2011 жылға дейін «ЦеснаБанк» Басқарма Төрағасы Аппаратын басқарды, 2011-2012 жылдары ҚР Қорғаныс Министрі Кеңесшісі болды. 2013 жылы «Водоканалпроект» АҚ Президенті міндетін атқарды, 2015-2016 жылдары «Astana» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды, 2016-2017 жылдары — «Astana» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасының Кеңесшісі.
2017 жылдан бері «City Box» ЖШС директоры.
Әр жылдары келесідей қызметтерід атқарды: «Астана-недвижимость» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «САК Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, («Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы), «САК Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Ақмола Электржелілік Үлестіру Компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры.
Франц-Йозеф Кайзер
Директорлар кеңесінің мүшесі
Энергетикадағы аудит және консалтинг саласында 30 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие. Кайзер мырза дипломды бухгалтер және Германияның салық кеңесшісі болып табылады, сондай-ақ Германияның Кёльн университетінің экономика жөніндегі дипломы бар.
1975 жылдан бастап Кайзер мырза «PricewaterhouseCoopers» (PwC) компаниясының Германиялық кеңсесінде жұмыс істеді. 1985-1986 жылдары Ұлыбританияның Лондон қаласындағы PwC кеңсесінде жұмыс істеді.
Германия біріктірілгеннен кейін 1990 жылдан бастап 1995 жылға дейін Кайзер мырза Берлин қаласындағы «Treuhandanstalt» Германия жекешелендіру органындағы Басқару жөніндегі комитеттің мүшесі болып жұмыс істеді.
1994 жылы Кайзер мырза Германияның ең ірі халықаралық тау-кен және энергетикалық компаниясында PwC компаниясымен Жаһанды ынтымақтастық жөніндегі серіктес лауазымын атқара бастады. Ол PwC компаниясының Германиялық кеңсесіндегі Серіктестер кеңесі мүшесінің лауазымын атқарды, сондай-ақ PwC компаниясын корпоративтік басқару жөніндегі Еуропалық топтың құрамына кірді.
2005 жылдан бастап Кайзер мырза PwC компаниясының Ресейлік бөлімшесінің неміс серіктесі ретінде жұмыс істеді және «ЕЭС Ресейлік акционерлік қоғамы» компаниясының және Ресейдің басқа да ұлттық өндіру компанияларының аудитіне белсене қатысты.
PwC компаниясынан зейнеткерлікке кеткеннен кейін 2009 жылғы қазан айында Кайзер мырза «Орталық-Азия Электр-энергетикалық Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды, онда Аудит жөніндегі комитеттің Төрағасы болып табылады.
Манфред-Йозеф Керр
Директорлар кеңесінің мүшесі / тәуелсіз директор
Электр станцияларының: шымтезек станцияларының, атомдық электр станцияларының және гидроэлектр станцияларының технологиялары саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Керр мырза Аахен университетінің (Германия) машина салу саласындағы ғылым докторы дәрежесіне ие.
1980 жылдан бастап доктор Керр Германияның ірі энергетикалық және коммуналдық компанияларында жұмыс істеді. Ол Германиядағы электр қуатын өндіретін ең ірі компаниялардың бірі болып табылатын Эссен қаласындағы RWE компаниясында 28 жылдай жұмыс істеді, онда атомдық энергетика жөніндегі халықаралық жобалармен, сондай-ақ қазбалы жанармай энергетикасы жөніндегі жобалармен айналысты. 2000 жылдан бастап ол электр станциялары жөніндегі жобалар департаментінің, электр станцияларының технологиялары департаментінің вице-президенті лауазымын атқарды. 1990 жылы доктор Керр бұрынғы ГДР-дың электр қуатын өндіру жүйесін қалпына келтіруге қатысты.
Жұмыс биографиясында доктор Керр түрлі техникалық комитеттердің, соның ішінде VGB Power Tech компаниясының (Эссен, Германия) Техникалық кеңес беру жөніндегі кеңестің, Қуатты өндіру жөніндегі бағдарламалық комитеттің (Ұлыбритания) мүшесі болды, сондай-ақ Германияның ең ірі инженерлік қауымдастығы болып табылатын VDI компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқарды.
2011 жылы зейнеткерлікке шыққан уақыттан бастап доктор Керр техникалық консалтинг саласында белсенді түрде жұмыс істеп келеді. 2011 жылғы қараша айынан бастап ол «Орталық-Азия Электр-энергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның («ОАЭК» АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады және тәуелсіз директор лауазымын атқарып келеді. 2012 жылғы наурыз айынан бастап доктор Керр «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Техникалық комитеттің Төрағасы етіп сайланды.