«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «ОАЭК» АҚ немесе Компания) Қазақстандағы ең ірі жеке электр-энергетикалық компания болып табылады.
Компания активтері Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында,сонымен қатар Астана қаласында орналасқан. «ОАЭК» АҚ құрамындағы еншілес кәсіпорындары қуатты шығару, тасымалдау және өткізу сияқты қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын қамтитын вертикалды түрде біріктірілген екі энергетикалық кәсіпорын - «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кіреді. Ақмола облысында Компания «АЭҮК» АҚ басқарады.
«ОАЭК» АҚ еншілес қоғамдары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның облигациялары Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) сауда-саттыққа қатысады.
«ОАЭК» АҚ жоғары әлеуметтік жауапкершілікке ие. Компания еншілес ұйымдары қызметінің экология, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздік техникасы салаларында сапаның халықаралық стандарттарын белсенді түрде ендіреді. Еншілес ұйымдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және экология саласындағы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары енгізілген.